+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін 15-тур ойындары басталады

2021 жылғы 12 маусым 14:17
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін 15-тур ойындары басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он бесінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады UEFA Конференция лигасы: Бүгінгі ойындарды қайдан көруге болады Қазақстандық олимпиадашылардың екінші легі Токиоға жетті

Ойындар 12 және 13 маусым күндеріне белгіленген. Алғашқы күні төрт жұп кездессе, екінші күнінде үш матч өтеді.

Аталған турдың шымылдығы 12 маусымда 18.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Каспий» (Ақтау) командалары кездесуімен ашылады. Одан кейін 19.00-де «Ақтөбе» мен «Атырау», 20.00-де «Ақжайық» (Орал) мен «Ордабасы» (Шымкент), 21.00-де «Шахтер» (Қаарғанды) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесулерімен жалғасады.

Ал 13 маусымда 19.00-де «Тараз» бен «Қайрат» (Алматы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тобыл» (Қостанай) ойындары болады. Бұл турды 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тұран» (Түркістан) кездесуі түйіндейді.

Еске салсақ, бұдан бұрынғы он төртінші тур 28 және 29 мамыр күндері ойналды. Одан кейін ұлттық құраманың жолдастық кездесуіне орай ел біріншілігінде аздаған үзіліс болды.

Он төртінші турдан кейін 34 ұпаймен «Астана» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 31, «Қайраттың» 24 ұпайы бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT