+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» қайтадан көш басына шықты

2021 жылғы 19 қыркүйек 00:10
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» қайтадан көш басына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» биыл қола жүлдені місе тұтты Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңді 2021-2022 маусымындағы футзалдан ҚР чемпионатының күнтізбесі жарияланды

Елордалық «Астана» өз алаңында «Ақтөбеден» 2:1 есебімен басым түсті. Кездесу барысында елордалық клубтан Фатос Бечирай 4, Марин Томасов 15-минуттарда мергендік танытты. Оған ақтөбелік командадан Дмитрий Коркишко 19-минутта адлғыз голмен жауап қайырды.

Осылайша «Астана» турнир кестесінде қайтадан көш басына шықты. Қоржынында 47 ұпай бар. Ал екінші орындағы «Тобыл» 20 ойыннан кейін 45 ұпай еншілеген.

Сондай-ақ, «Жетісу» мен «Ақжайық» 2:2, «Тұран» мен «Ордабасы» 1:1 есебімен тең түссе, «Каспий» «Атыраудан» 2:1 есебімен басым түсті.

Аталған турдағы екінші ойын күні 19 қыркүйекте жалғасады. Бұл күні «Тараз» бен «Тобыл» (Қостанай), «Қайрат» (Алматы) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтер» (Қарағанды) шеберлік байқасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT