Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 10 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің төртінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі соңғы кездесуде елордада «Астана» мен «Атырау» командалары шеберлік байқасты. Бұл кездесуде алаң иелері тізгінді өз қолына алып, жасыл алаң төрінде басымдығын байқатты.

Есепті алғаш болып атыраулық команда сапынан Джуниор Алекс ашты. Одан кейін елордалық клубтан Абат Айымбетов 23-минутта таразы басын теңестірді. Ал оның командалас әріптесі Абзал Бейсебеков 20, 36-минуттарда мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңнің 64-минутта Абат Айымбетов есепті ұлғайта түсті. Келесі кезекте атыраулық клубтан Брайан 76-минутта бір голмен жауап қайырды. Ойын соңына таман Роман Муртазаев 90, 93-минуттарда екі голдың авторы атанды.

Осылайша «Астана» қарсыласын 6:2 есебімен тізе бүктірді. Аталған жеңістен кейін сегіз ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Көш басында 10 ұпаймен Алматының «Қайрат» командасы келеді. Үздік үштікті еншісінде сегіз ұпайы бар «Тараз» командасы түйіндеп тұр.

Аталған турдағы төрт ойын кеше, 9 сәуірде өткізілген болатын. Сол күні «Тараз» Қарағандының «Шахтерін» 4:0 есебімен тізе бүктірсе, Оралдың «Ақжайығы» Петропавлдың «Қызылжарына» 0:1 есебімен есе жіберді. Ал «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 4:4 есебімен тең түсті.

Бүгін 9 cәуірде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 2:0 есебімен сүріндірсе, Алматының «Қайраты» өз алаңында Түркістанның «Тұран» клубына 5:1 есебімен ойсырата жеңді.

Енді бесінші тур ойындары 13 және 14 сәуір күндері өткізіледі. Алдымен 13 сәуірде

«Шахтёр» мен «Ақжайық», «Қызылжар» мен «Ақтөбе» кездессе, 14 сәуірде «Атырау» мен «Жетісу», «Каспий» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Қайсар», «Тұран» мен «Тараз», «Ордабасы» мен «Астана» командалары жасыл алаңға шығады.


Соңғы жаңалықтар