+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ақтөбе» мен «Қайсар» тең түсті

2021 жылғы 14 мамыр 20:25
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ақтөбе» мен «Қайсар» тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он бірінші турындағы тағы бір ойын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Еуропа чемпионаты: Англия мен Хорватия плей-офф кезеңіне шықты Футбол: «Ақжайық» биылғы маусымда алғаш рет тең ойнады Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» «Ордабасыға» есе жіберді

Бұл жолы «Ақтөбе» өз алаңында Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады. Екі команда да турнир кестесінде төменгі орындарда тұр. Алаң иелері 13 ұпаймен тоғызыншы орында тұрса, қызылордалықтар небәрі 6 ұпаймен 13 орынды місе тұтты.

Ойын барысында «Қайсар» алғашқы олып есеп ашты. Оны 27-минутта Каролис Лаукжемис өзінің еншісіне жазды. Ал 43-минутта ақтөбелік Игорь Сергеев таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін аталған турда екі ойын өткізілді. Алдымен «Тұран» сырт алаңда қарағандылық «Шахтерді», одан кейін Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Алматының «Қайратын» 1:0 есебімен жеңді.

Енді 20.00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Жетісу» (Талдықорған) шеберлік байқасады.

Ал 15 мамырда сағат 15.00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Каспий» (Ақтау) кездессе, 17.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары шеберлік байқасады. Аталған турды сағат 19.00-де «Атырау» және «Тараз» кездесуі түйіндейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT