Футболдан Қазақстан біріншілігі: 25-тур мәреге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы соңғы екі ойынның бірінде Ақтауда «Каспий» мен Оралдың «Ақжайығы» кездесті. Бірінші кезеңде алаң иелері қатарына Алексей Зелеский 15, 30-минуттарда қос гол соқты. Оған «Ақжайық» сапынан Алексей Чичиков 46, Михаил Гащенков 67-минутта мергендік танытты. Осылайша кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Тағы бір ойында Қызылордада «Қайсар» мен Талдықорғанның «Жетісуы» шеберлік байқасты. Кездесу тағдырын талдықорғандық клубтан Артем Дмитриев 38-минутта соққан жалғыз гол шешті. «Қайсар» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Бұдан бұрын аталған турдағы бес кездесу нәтижесі белгілі болды.

Көш басында келе жатқан «Тобыл» өз алаңында «Шахтерден» 4:1 есебімен басым түссе, «Астана» сырт алаңда «Қайратқа» 0:1 есебімен жол берді. https://lenta.inform.kz/kz/kazakstanda-futboldan-el-chempionaty-otip-zhatyr_a3852918

Ал өзге ойындарда өз алаңында «Тұран» «Ақтөбеден», «Тараз» «Ордабасыдан» 1:2 есебімен жеңілсе, «Атырау» мен «Қызылжар» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді 26-тур ойындары 30 қазанда өткізіледі. Осылайша биылғы ел біріншілігі мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар