+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Футболдан Германия чемпионаты қайта жалғасты

2020 жылғы 17 мамыр 01:40
Бөлісіңіз:
Футболдан Германия чемпионаты қайта жалғасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі айға созылған үзілістен кейін футболдан Германия чемпионаты қайта жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еуропа лигасының жеңімпазы Германияда анықталады Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды Португалия футболшысы «Тобылға» ауысты

Еуропадағы жетекші төрт чемпионаттың қатарына кіретін бундеслиганың 26-туры көрермендерсіз өтуде.

Алтын жүлдеден үміткер Дортмундтың «Боруссия» командасы өз алаңында «Шалькені» қабылдап, 4:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл матчта алаң иелерінен португалиялық Рафаэл Геррейру қос голдың авторы атанса, нидерландылық жас шабуылшы Эрлинг Холанн мен бельгиялық Торган Азар да құр кеткен жоқ.

Бундеслигада үздік төрттікке ілінген командалар чемпиондар лигасына жолдама алады. Содан үміткерлердің бірі Менхенгладбахтың «Боруссиясы» да өз бәсекесін сәтті өткізіп, үшінші орынға көтерілді. Майндағы Франкфуртта

жергілікті «Айнтрахтпен» болған матчтың алғашқы жеті минутында-ақ қонақтардан франциялықтар Алассан Плеа мен Маркус Тюрам екі гол соғып, мәселені шешіп тастады деуге болады. Екінші таймда алжирлік қорғаушы Рами

Бенсебаини 11 метрлік пенальтиден есепті 3:0-ге жеткізсе, алаң иелерінен португалиялық Андре Силва есепті қысқарта алды.

Есесіне жүлделі орындарға қол созып келе жатқан, чемпиондар лигасында ойнап жүрген «Лейпциг» командасы өз алаңында сүрінді. «Фрайбургтың» қорғаушысы, германиялық Мануэль Гульде бірінші таймда есеп ашып,

командасын алға шығарды. Ал алаң иелері көптеген мүмкіндікті мүлт жіберді. Тек команда капитаны, даниялық шабуылшы Юссуф Поульсен таразы басын теңестіре алды.

Бұдан кейін «Лейпциг» тіпті жеңіліп қала жаздады. Абырой болғанда, төрешілер дұрыс шешім қабылдап, ойыннан тыс қалған қонақтардың қосымша минутта соққан добын

есептеген жоқ. Сөйтіп бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

«Вольфсбург» Аугсбургта жергілікті клубты 2:1 есебімен тізе бүктіріп, Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік беретін алтыншы орынға шықты.

Бундеслигада 55 ұпаймен көш бастап келе жатқан атақты «Бавария» (Мюнхен) 26-турда жексенбі күні Берлинде «Унион» командасымен шеберлік байқасады.

Мюнхендіктерді қос «Боруссия» өкшелеп келеді.

Дортмундтықтарда 54 ұпай болса, Менхенгладбах клубының одан екі ұпайы кем. 51 ұпай жинаған «Лейпциг» төртінші орында.

Бесінші сатыдағы «Байер» (47 ұпай) сырт алаңда көш соңындағы «Вердермен» күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан Германия біріншілігі қайта жалғасатынын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT