Футболдан Еуропа лигасы: Жартылай финалға шыққан командалар анықталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 сәуірде футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалы қарымта ойындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі ойындарда «Рома» (Италия) мен «Аякс» (Нидерланды), «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Гранада» (Испания), «Вильярреал» (Испания) мен «Динамо Загреб» (Хорватия), «Славия Прага» (Чехия) мен «Арсенал» (Англия) командалары шеберлік байқасады.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бір апта бұрын командалар жарыстың аталған сатысындағы алғашқы ойындарды өткізді. Өз алаңында «Рома» «Аяксты» 2:1, «Вильярреал» «Динамо Загребті» 1:0, «Манчестер Юнайтед» «Гранаданы» 2:0 есебімен тізебүктірді. Ал «Арсенал» өз алаңында «Славия Прагамен» 1:1 есебімен тең түсті.

Еуропа лигасының финалы Польшаның Гданьск қаласындағы «Гданьск Арена» стадионында 26 мамырда өткізіледі.

2020 жылы Еуропа лигасында Испанияның «Севилья» командасы чемпион атанды.


Соңғы жаңалықтар