Футболдан Еуропа лигасы: «Тобыл» қарсыласымен тең ойнап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі Қостанайдың «Тобылы» мен Люксембургтің «Женесс Эш» командалары кездесуінің алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тобылдың» бас бапкері Владимир Газзаев алғашқы кезеңде Эмиль Балаев, Никита Бочаров, Виктор Дмитренко, Фернандер Кассай, Джаба Канкава, Руслан Валиуллин, Артурас Жулпа, Ника Квеквескири, Азат Нұрғалиев, Михаил Гордейчук және Сенин Себаи секілді жігіттерге сенім артты.

Оларға «Женесс Эш» командасынан Кевин Сомме, Эмманюэль, Эрве Ляпьер, Алессандро Фьорани, Милош Тодорович, Йоханнес Штейнбах, Лука Дурьятти, Давид де Соуза, Халим-Меди Меддур, Арсен Менссу, Янник Макота, Алмир Клица қарсы шықты.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Алаң иелері мен қонақтар да гол соғатын мүмкіндіктерді іздеді. Дегенмен өз дегендеріне жете алмады.

«Женесс Эш» командасы да өз елінің тәжірибелі клубтарының бірі саналады. 1907 жылы құрылған клуб Люксембургтің 20 дүркін чемпионы атанған. Команда өз елінде алғаш рет 1921 жылы алғаш рет алтын медальге қол жеткізген еді. Соңғы мәрте 2010 жылы чемпиондық тұғырға көтерілді.

Естеріңізге сала кетелік, кеше UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» Румынияның ЧФР командасынан 1:0 есебімен басым түсті. Ал 11 шілдеде UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасысы» Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубын қабылдаса, Алматының «Қайраты» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» клубымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар