+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» пен «Интер» жарысты жалғастырады

2020 жылғы 6 тамыз 07:38
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» пен «Интер» жарысты жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы ширек финалына жолдама алған төрт команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жылдың үздік хоккейшісі анықталды Алматы метросы карантинге дейінгі жұмыс кестесіне оралды Жан Кособуцкий WBC титулы бар 43 жастағы америкалықпен жекпе-жек өткізеді

Естеріңізге сала кетелік, бүгін Еуропа лигасы 1/8 финалының төрт ойыны өткізілді. Бұған дейін Украинаның «Шахтер Донецк» және Данияның «Копенгаген» командалары ширек финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.

Олардың қатарына Англияның «Манчестер Юнайтед» пен «Интер» командалары да қосылды.

Ағылшын клубы бүгін өз алаңында Австрияның ЛАСК командасын қабылдады. Кездесуде олар қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Екі команда арасындағы алғашқы ойында «Манчестер Юнайтед» 5:0 есебімен басым түскен болатын. Осылайша ағылшын командасы ширек финалға шықты.

Тағы бір кездесу Италияның «Интер» және Испанияның «Хетафе» командалары арасында өткізілді.

Естеріңізге сала кетелік, коронавирус індеті салдарынан олардың арасындағы алғашқы кездесу болған жоқ. Сондықтан ширек финалға берілетін жолдама небәрі бір ойынның ғана нәтижесі бойынша анықталды. Кездесу бейтарап алаңда, Германияның Гельзенхирхен қаласында болды. Ойында «Интер» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Еуропа лигасы ойындары 6 тамызда жалғасады. Бұл күні «Севилья» (Испания) және «Рома» (Италия), «Байер» (Германия) және «Глазго Рейнджерс» (Шотландия), «Вулвергемптон Уондерерс» (Англия) және «Олимпиакос Пирей» (Грекия), «Базель» (Швейцария) және «Айнтрахт Франкфурт» (Германия) командалары шеберлік байқасады.

Жарыстың ширек және жартылай финал ойындары Германияның Гельзенкирхен, Дуйсбург, Дюссельдорф, Кёльн қалаларында өтеді. Ал финал 21 тамызда Кёльн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионында болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT