+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа лигасы қайта жалғасады

2020 жылғы 5 тамыз 18:13
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа лигасы қайта жалғасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалдық сатысы қайта жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚПЛ: «Қайрат» «Астанадан» тоғыз ұпайға ұзап кетті 18 жастағы қазақстандық футболшы Беларусьтің жоғары дивизион клубына ауысты Еуропа лигасы: «Қайрат» қарсыласына есе жіберді

Коронавирус пандемиясы салдарынан аталған доп додасының 1/8 финалының қарымта ойындары 12 наурыздан кейін белгісіз мерзімге кейінге шегерілген еді. Сол ойындар 5 тамыздан бастап қайта жалғасатын болды.

Бүгін, 5 тамызда «Интер» (Италия) және «Хетафе» (Испания), «Копенгаген» (Дания) және «Истанбул Башакшехир» (Түркия), «Шахтер Донецк» (Украина) және «Вольфсбург» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия) және ЛАСК (Австрия) командалары кездеседі.

Ал 6 тамызда «Севилья» (Испания) және «Рома» (Италия), «Байер» (Германия) және «Глазго Рейнджерс» (Шотландия), «Вулвергемптон Уондерерс» (Англия) және «Олимпиакос Пирей» (Грекия), «Базель» (Швейцария) және «Айнтрахт Франкфурт» (Германия) командалары шеберлік байқасады.

Айта кетелік, жарыстың ширек және жартылай финал ойындары Германияның Гельзенкирхен, Дуйсбург, Дюссельдорф, Кёльн қалаларында өткізіледі. Ал финал 21 тамызда Кёльн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионында болады.

Естеріңізге сала кетелік, UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалдық сатысындағы бірқатар ойындарды Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT