Футболдан Еуропа лигасы: «Қайрат» өз алаңында Арменияның «Алашкерт» командасымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 29 шілдеде UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында қазақстандық «Қайрат» өз алаңында Арменияның «Алашкерт» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кездесуде есеп ашылған жоқ. Екі команданың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Дегенмен олар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Енді қарымта ойын 12 тамызда өткізіледі.

Екі команда 2015 жылы Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында кездескен еді. Өз алаңында қазақстандық клуб 3:0 есебімен жеңсе, сырт алаңда 1:2 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандықтар жарысты жалғастырған болатын.

Алматылық команда биыл еурокубокты Чемпиондар лигасында бастаған болатын. Алматылық команда бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасын (2:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті.

Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» командасына (2:1, 0:5) есе жіберіп қойды.


Соңғы жаңалықтар