Футболдан Еуропа лигасы финалына шыққан командалар анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Еуропа лигасы финалына жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирдің жартылай финалының қарымта ойындары 5 мамыр күні өтті.

Алғашқы жұпта Шотландияның «Глазго Рейнджерс» және Германияның «РБ Лейпциг» командалары кездесті.

Кездесуде шотландиялық клуб 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші ойын германиялық команда 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Нәтижесінде «Глазго Рейнджерс» енді финалға жолдама алды.

Екінші жұпта Германияның «Айнтрахт» командасы өз алаңында Англияның «Вест Хэм Юнайтед» клубын 1:0 есебімен сүріндірді.

Олар бірінші ойында сырт алаңда аталған қарсыласын 2:1 есебімен жеңген еді.

Екі ойынның нәтижесімен «Айнтрахт» финалға шықты.

Финал 18 мамырда Испанияның Севилья қаласының «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алған командалар белгілі болған еді.


Соңғы жаңалықтар