Футболдан Еуропа лигасы: Финалда «Челси» мен «Арсенал» кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін УЕФА Еуропа лигасы жартылай финалындағы тағы бір ойын аяқталды.

Англияның «Челси» командасы өз алаңында Германияның Майндағы Франкфурт қаласының «Айнтрахтын» қабылдады. Алғашқы кездесуде жеңімпаз анықталған жоқ. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Бүгінгі кездесуде де соған ұқсас жағдай өрбіді. «Челси» сапынан 28-минутта Рубен Лофтус-Чик өз командасын алға шығарса, «Айнтрахт» ойыншысы Лука Йович 49-минутта таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Нәтижесінде кездесу қосымша кезеңге ұласты. Дегенмен қосымша кезеңде де жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде «Челсидің» жолы болды.null null

Естеріңізге сала кетелік, «Челси» УЕФА Еуропа лигасында 2012/2013 жылғы кезеңде чемпион атанды. Ал «Айнтрахт» өзінің тарихында тұңғыш рет жартылай финалға дейін жетіп отыр.

Бұдан бұрын Англияның «Арсенал» клубы сырт алаңда Испанияның «Валенсиясын» 4:2 есебімен жеңіп, финалға шыққанын хабарлаған едік. Аталмыш командалар арасындағы алғашқы кездесуде ағылшындар 3:1 есебімен басым түсті.null

Осылайша УЕФА Еуропа лигасында да қос ағылшындық клуб бас жүлдені сарапқа салатын болды. Бұдан бұрын УЕФА Чемпиондар лигасында Англияның «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм Хотспурс» командалары бәсекеге түсуге мүмкіндік алды.

УЕФА Еуропа лигасының финалдық ойыны 29 мамырда Баку қаласында өткізіледі.

Бұған дейін УЕФА Чемпиондар лигасының финалына Англияның «Ливерпуль» және «Тоттенхэм Хотспурс» командалары шыққаны хабарланған болатын.

null

Соңғы жаңалықтар