Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін ширек финал ойындары басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 8 сәуірде футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ширек финал ойындарында барлық сегіз команда төрт жұпта өзара шеберлік байқасады. Жарыстың аталған сатысында Англияның «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», Испанияның «Вильярреал», «Гранада», Италияның «Рома», Нидерландының «Аякс», Хорватияның «Динамо Загреб», Чехияның «Славия Прага» сынға түседі.
Бүгінгі ойындарда «Аякс» пен «Рома», «Гранада» мен «Манчестер Юнайтед», «Динамо Загреб» пен «Вильярреал», «Арсенал» мен «Славия Прага» командалары шеберлік байқасады.
Аталған ойындарда «Гранада» мен «Манчестер Юнайтед» кездесуі «Qazaqstan», «Аякс» пен «Рома» кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еуропа лигасының финалы Польшаның Гданьск қаласындағы «Гданьск Арена» стадионында 26 мамырда өткізіледі.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалында алғашқы ойындар өткізілді.
2020 жылы Еуропа лигасында Испанияның «Севилья» командасы чемпион атанды.
- Қазақстандық палуан Азия аймақтық іріктеу турнирінде чемпион атанды
- Футзал: Қазақстан құрамасы Израильден екінші мәрте басым түсті
- Триатлоннан Қазақстан чемпиондары анықталды
- Қазақ балуаны Қажымұқанның 150 жылдығына арнап түйе көтерді
-
Юсуп Батырмұрзаев күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды
-
Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің чемпионы атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам