Футболдан Еуропа чемпионаты: Украина ширек финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған құрамалар толықтай анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы соңғы кездесуде Швеция мен Украина жасыл алаңға шықты.

Екі құрама бұған дейін 4 мәрте кездесті. Оның 1-де Швеция басым түсіп, 2-де Украинаның мерейі үстем болды, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Екі құрама бүгінгі кездесуге тас-түйін дайындықпен келді. Украина өзінің тарихында тұңғыш рет құрлықтық доданың мұндай сатысында бақ сынап отыр. Сондықтан жанкүйерлерін қуантуға бар күшін салатыны анық еді.

Есепті алғаш болып украиналық футболшылар ашты. Кездесудің 27-минутында Александр Зинченко есеп ашса, оған 43-минутта швециялық Эмиль Форсберг бір голмен жауап қайырып, таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймның соңғы 120-минутында украиналық Артём Довбик жеңіс голын соқты. Осылайша Украина өзінің тарихында алғаш рет құрлықтық доданың ширек финалына шықты.

Еске салсақ, енді ширек финалда 2 шілдеде Швейцария мен Испания, Бельгия мен Италия кездессе, 3 шілдеде Чехия мен Дания, Англия мен УКраина шеберлік байқасады.



Соңғы жаңалықтар