+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа чемпионаты: Словакия Польшаны қапы қалдырды

2021 жылғы 15 маусым 00:06
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа чемпионаты: Словакия Польшаны қапы қалдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы топтық кезеңде Польша мен Словакия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Тобыл» «Атыраудан» басым түсті 17 жасар павлодарлық классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Аталған екі команда Е тобында сынға түседі. Қарсыластары – Испания және Швеция құрамалары.

Екі құрама бұған дейін сегіз мәрте кездесті. Оның төртеуі словакиялық футболшылар басымдығымен аяқталып, үшеуінде поляктар жеңсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді. Десе де командалар жеті жылдан астам уақыттан бері алаңда жолыққан жоқ.

Бұл жолғы кездесуде словакиялық футболшылардың жеңіске ұмтылысы байқалып тұрды. Нәтижесінде 18-минутта Польша қақпашысы Войцех Щенсныдың өз қақпасына гол соғып алуына мәжбүр етті.

Екінші кезең басталғаннан кейін поляк футболшылары таразы басын теңестірді. Оны 46-минутта Кароль Линетты өзінің еншісіне жазды.

Ойынның 62-минутында поляк футболшысы Гжегож Крыховяк қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұдан кейін 69-минутта словакиялық Милан Шкриньяр өзінің құрамасын қайтадан алға шығарды.

Осылайша ойында Словакия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, аталған топтағы тағы бір кездесу бүгін Испания және Швеция құрамалары арасында болады. Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, 14 маусымда D тобында Чехия Шотландиядан 2:0 есебімен басым түскен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT