Футболдан Еуропа чемпионаты: Португалия Германиядан 21 жыл ішінде қатарынан бесінші рет жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Португалия мен Германия кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, аталған екі құрама F тобында сынға түседі. Қарсыластары – Франция мен Венгрия.

Португалия мен Германия бұған дейін 11 мәрте кездесті. Оның 7-еуінде немістер жеңіске жетіп, 1-еуінде португалдар басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Бүгінгі кездесуде алдымен португалдық Криштиану Роналду 15-минутта есеп ашты. Одан кейін португалдар қатарынан Рубен Диаш 35, Рафаэл Геррейру 39-минуттарда өз қақпасына автогол соғып алды. Бұдан Германия құрамасынан Кай Хаверц 51, Робин Госенс 60-минуттарда мергендік танытты. Ойынның 67-минутында португалдық Диогу Жота есеп айырмасын қысқартты.

Кездесуде Германия қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, Португалия соңғы рет Германияны 2000 жылы 3:0 есебімен жеңген еді. Содан бері аталған қарсыласына бес мәрте есе жіберді.

Бүгін аталған топтағы тағы бір кездесуде Венгрия мен Франция 1:1 есебімен тең түсті.

Бұл топтағы үшінші турда 23 маусымда Германия мен Венгрия, Португалия мен Франция жасыл алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар