+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды мен Австрия жарыстың келесі сатысына шықты

2021 жылғы 22 маусым 00:01
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды мен Австрия жарыстың келесі сатысына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңінде С тобында 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан кубогы: Бүгін үшінші тур ойындары басталады UEFA Конференция лигасында «Тобыл» Хорватияның «Хайдук» клубынан жеңіліп қалды UEFA Конференция лигасы: «Шахтер» румыниялық клубқа есе жіберді

Аталған топтағы екі ойын да бір уақытта басталды. Нәтижесінде 1/8 финалға шыққан құрамалар белгілі болды.

Алғашқы кездесуде Нидерланды мен Солтүстік Македония шеберлік байқасты. Олардың турнир кестесіндегі жағдайы түрліше болатын. Нидерланды алғашқы екі турда ұпайдан шашау шығармай, бірінші орынға жайғасты.

Ал Солтүстік Македония екі ойында да қарсыластарына есе жіберіп, турнир кестесінде соңғы орынды місе тұтты.

Бүгінгі кездесуде Нидерланды қарсыласынан басымырақ ойнады. Нәтижесінде 24-минутта Мемфис Депай мергендігімен көзге түсті. Ал Жоржиньо Вейналдум 51, 58-минуттарда есепті еселеді.

Осылайша Нидерланды Австрияны 3:0 есебімен жеңіп, өз тобында бірінші орын алды. Енді олар 1/8 финалда бақ сынайды.

Айта кетерлігі, Австрия аталған қарсыласынан 1990 жылдан бері басым түсе алмай келеді. Содан бері жеті ойында да нидерландылық құраманың айы оңынан туып тұр.

Бүгін аталған топтағы тағы бір кездесуде Украина мен Австрия жасыл алаңға шықты. Үш ұпай жинаған екі құраманың турнир кестесіндегі жағдайы бірдей болатын. Сондықтан жеңіске жеткен құрама жарыстың келесі сатысына бірден жолдама алатын.

Ойын барысында бірінші кезеңде австриялық футболшылардың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі туды. Сол сәттердің бірінде Кристоф Баумгартнер 21-минутта өзінің ыңғайына келген допты қақпа торында тулатты.

Кездесуде Австрия қарсыласын 1:0 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Құрамалар бұған дейін екі мәрте жолдастық кездесуде күш сынасып, бір-бірден жеңіске жетті.

Еске салсақ, бүгін В тобында Ресей мен Дания, Финляндия мен Бельгия құрамалары ойнайды. Кездесу елорда уақытымен 00.50-де басталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT