+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды Австрияны сүріндірді

2021 жылғы 18 маусым 03:07
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды Австрияны сүріндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Нидерланды мен Австрия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Олимпиада жүлдегерлері жаңа автокөлік алады Токио Олимпиадасы: Владислав Яковлев академиялық есуден жарыс жолын аяқтады Абылайхан Жүсіпов Токиодағы жеңілісі туралы: Салқынқанды отырып саралау керек

Еске салсақ, аталған екі құрама С тобында сынға түседі. Қарсыластары – Украина және Солтүстік Македония.

Алғашқы турда Нидерланды Украинадан 3:2 есебімен басым түссе, Австрия Солтүстік Македонияны 3:1 есебімен жеңді.

Бұл топта кеше, 17 маусымда екінші турда Украина Солтүстік Македонияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Екі құрама бұған дейін 19 мәрте кездесті. Оның тоғызында Нидерланды жеңіп, алтауында Австрия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Айта кетерлігі, Австрия аталған қарсыласын 1990 жылдан бері жеңе алмай келеді. Содан бері алты ойында да нидерландылық футболшылар австриялықтарды қапы қалдырып жүр.

Бүгінгі кездесуде қос құраманың да ойыны қарқынды болды. Жеңіске жеткені жарыстың келесі сатысына берілетін жолдаманы бір тур бұрын қалтаға басуы тиіс.

Ойынның 11-минутында Австрияға қақпасына белгіленген пенальтиді Мемфс Депай мүлт жіберген жоқ. Ал Дензел Дюмфрис 67-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Нидерланды қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT