Футболдан Еуропа чемпионаты: Испания овертаймда Хорватиядан басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған бесінші құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы бесінші кездесуде Хорватия мен Испания жасыл алаңға шықты.

Екі құрама бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 4-де Бельгия басым түсіп, 3-де Португалияның мерейі үстем болды, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Бүгінгі ойында қос құрама да жеңіске жетуге бар күш салды. Десе де алғашқы сәттерде испандар жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 20-минутта испаниялық Педри автогол авторы атанды. Одан кейін Испания құрамасынан Пабло Сарабия 38, Сесар Аспиликуэта 57,

Ферран Торрес 76-минуттарда есепті үстемелей түсті.

Ал Хорватия құрамасынан Ислав Оршич 85, Марио Пашалич 92-минутта гол соғып, таразы басын теңестірді.

Осылайша негізгі кезеңде 3:3 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда испаниялық Альваро Мората 100,

Микель Оярсабаль 103-минуттарда қос гол соғып кетті.

Аталған кездесуде Испания қарсыласынан 5:3 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді олар 2 шілдеде Франция мен Швейцария жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Дания Уэльсті 4:0 есебімен жеңіп, Италия Аустрияны овертаймда 2:1 есебімен тізе бүктірді. Үшінші кездесуде Чехия Нидерландыдан 2:0, одан кейін Бельгия Португалиядан 1:0 есебімен басым түсті .

Айта кетсек, жарыстың 1/8 финалында енді 28 маусымда Франция мен Швейцария шеберлік байқасады. Ал 29 маусымда Англия мен Германия, Швеция мен Украина жасыл алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар