+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа чемпионаты: Хорватия мен Чехия тең түсті

2021 жылғы 19 маусым 00:05
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа чемпионаты: Хорватия мен Чехия тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Хорватия мен Чехия кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токио-2020: Теннисші Михаил Кукушкиннің екінші айналымдағы қарсыласы анықталды Токио-2020: Үстел теннисінен қазақстандық Кирилл Герасименко жарысты жалғастырады Александр Куликов слаломды есуден Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Еске салсақ, аталған екі құрама Е тобында сынға түседі. Қарсыластары – Англия мен Шотландия.

Алғашқы турда Чехия Шотландиядан 2:0 есебімен басым түссе, Хорватия Англияға 0:1 есебімен жол берді.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесті. Оның біреуінде хорватиялықтар жеңіске жетсе, екі кездесуде тең нәтиже тіркелді.

Бүгінгі кездесуде хорватиялық құраманың басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Десе де алғашқы голды чехиялықтар соқты. Ойынның 37-минутында Хорватия қақпасына белгіленген пенальтиді чехиялық Патрик Шик мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңнің 47-минутында хорватиялық Иван Перишичи таразы басын теңестірді. Бұдан кейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бүгін аталған топта Англия мен Шотландия шеберлік байқасады.

Бұл топтағы үшінші тур ойындары 22 маусымда болады. Бұл күні Хорватия мен Шотландия, Чехия мен Англия құрамалары кездеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT