Футболдан Еуропа чемпионаты: Франция Германияны жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы топтық кезеңде Франция және Германия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанкүйерлер оларды әлемдегі үздіктер қатарына қосады. Сондықтан құрлықтық дода барысында екі тәжірибелі құраманың кездесуін көпшілік асыға күткені анық.

Екі құрама бұған дейін 16 мәрте кездескен. Оның 8-де француздар жеңіске жетіп, 4-де немістер басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Ойын алма-кезек шабуылмен өрбіді. Қос құрама бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Нәтижесінде Франция Германиядан 1:0 есебімен басым түсті.

Десе де бірінші кезеңде неміс футболшысы Матс Хуммельс өзінің қақпасына гол соғып алды. Бұдан кейін қос қарсыластың есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді.

Еске салсақ, аталған екі команда F тобында сынға түседі. Қарсыластары – Португалия және Венгрия.

Осы топта бұдан бұрын Португалия Венгриядан 3:0 есебімен басым түскен болатын. Енді F тобындағы келесі тур 19 маусым күні болады. Бұл күні Португалия мен Германия, Венгрия мен Франция құрамалары кездеседі.

Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түсуде. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталды, ол 11 шілдеде мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар