+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа чемпионаты: Финляндия Данияны жеңді

2021 жылғы 13 маусым 01:36
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа чемпионаты: Финляндия Данияны жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі аясындағы Дания мен Финляндия құрамалары арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токио Олимпиадасы: Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуде жеңілді Токио Олимпиадасы: Жеңіл атлет Михаил Литвин финалға өте алмады Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайсар» көш басына шықты


Еске салсақ, екі құрама В тобында сынға түседі. Аталған топта олардан бөлек, Ресей мен Бельгия құрамалары бар.

Қос құрама арасындағы тартыс Дания астанасы Копенгаген қаласындағы «Паркен» стадионында өтті.

Аталған кездесудің 42-минутында даниялық футболшы Кристиан Эриксен ойын үстінде есінен танып қалып, матч уақытша тоқтатылған болатын.

К.Эриксенге дәрігерлер жасыл алаң үстінде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны арнайы техникамен стадион ішіне алып кетті. Дәрігерлердің айтуынша, ол жергілікті ауруханаға жеткізіліп, жағдайы қалыпқа түскен.

Ойын біршама уақыттан соң қайта жалғасты.

Кездесудің 59-минутында финляндиялық Йоэль Похьянпало әуелеп келген допты баспен қақпаға ұрып, өзінің құрамасын алға шығарды. Ал 74-минутта даниялық Пьер-Эмиль Хёйбьерг пенальтиден мүлт кетті.

Осылайша Финляндия құрлықтық доданың финалдық кезеңіндегі тұсаукесер кездесуінде жеңіске жетіп отыр. Аталған құрама жарыстың осы сатысына өз тарихында тұңғыш рет жолдама алған.

Дәл қазір аталған топта Бельгия мен Ресей құрамалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі өтіп жатыр. Бельгиялық футболшылар қарсыластарынан 1:0 есебімен басым түсуде.

Бұл топтағы келесі кездесу 16 және 17 маусым күндері өткізіледі. Алдымен 16 маусым Финляндия мен Ресей жасыл алаңға шықса, 17 маусымда Дания мен Бельгия күш байқасады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT