+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа чемпионаты: Бельгия Ресейді ойсырата жеңді

2021 жылғы 13 маусым 02:56
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа чемпионаты: Бельгия Ресейді ойсырата жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі екінші ойын күнін Ресей және Бельгия құрамалары түйіндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Astana Open: Голубев пен Недовесов жұптық сында ширек финалға шықты Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады Теннис: Юлия Путинцева Острава турнирін жеңіспен бастады

Аталған матч Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтті.

Ойын барысында қос құраманың алма-кезек шабуылы көзге түсті. Десе де бельгиялық құраманың басымдығы аңғарылып тұрды.

Бельгиялық құрама сапынан Ромелу Лукаку 10-минутта есеп ашса, 34-минутта Тома Мёнье есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде ресейлік футболшылар алға қарай ұмтылды. Оған бельгиялықтар өз деңгейінде қарсылық көрсетті. Кейбір сәттерде олар да басымдығын арттырды. Ромело Лукаку 88-минутта тағы бір мәрте мергендік танытып, кездесудің нүктесін қойды. Осылайша Бельгия қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, екі құрама В тобында сынға түседі. Аталған топта Финляндия Даниядан 1:0 есебімен басым түскенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Бұл топтағы келесі кездесу 16 және 17 маусым күндері өткізіледі. Алдымен 16 маусымда Финляндия мен Ресей жасыл алаңға шықса, 17 маусымда Дания мен Бельгия күш байқасады.

Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады. Ойындар дүбірлі дода тарихында тұңғыш рет Еуропаның 10 мемлекетінде орналасқан 11 стадионда болады. Бұл Еуропа чемпионатының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталды, 11 шілдеде мәресіне жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT