+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа чемпионаты: Бельгия Даниядан басым түсті

2021 жылғы 18 маусым 00:02
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа чемпионаты: Бельгия Даниядан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Бельгия мен Дания құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин — «Канелоның» үшінші айқасы өтуі ықтимал мерзім жарияланды Ильфат Абдулин садақ атудан Токио Олимпиадасын аяқтады «Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өтетін cанаттар тізімі кеңейтілді

Еске салсақ, аталған екі құрама В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Ресей және Финляндия.

Алғашқы турда Бельгия Ресейден 3:0 есебімен басым түссе, Дания Финляндияға 0:1 есебімен есе жіберді.

Бұл топта кеше, 16 маусымда екінші турда Ресей Финляндияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Екі құрама бұған дейін 16 мәрте кездесті. Оның алтауында Бельгия жеңіп, алтауында Дания басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Бүгінгі кездесуде қос құраманың жеңіске жетуге ұмтылысы байқалып тұрды. Алдымен даниялық Юссуф Поульсен 2-минутта есеп ашты. Бірінші кезеңде жанкүйерлер бұдан басқа гол көрген жоқ.

Екінші кезеңде Бельгия құрамасы алдымен таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 54-минутта Торган Азар мергендік танытса, Кевин Де Брёйне 70-минутта өз құрамасын алға шығарды.

Бұл топта үшінші тур ойындары 21 маусымда өткізіледі. Бұл күні Финляндия мен Бельгия, Дания мен Ресей құрамалары шеберлік байқасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT