Футболдан Еуропа чемпионаты: Англия мен Шотландия тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Англия мен Шотландия кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, аталған екі құрама D тобында сынға түседі. Қарсыластары – Хорватия мен Чехия.

Алғашқы турда Англия Чехиядан 1:0 есебімен басым түссе, Шотландия Хорватияға 0:1 есебімен жол берді.

Екі құрама бұған дейін 116 мәрте кездесті. Оның 48-де ағылшындар жеңіске жетіп, 41-де шотландиялықтар басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Бүгінгі кездесуде екі құрама жеңіске жету жолын іздеді. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Ойында 0:0 есебі тіркелді.

Бүгін аталған топтағы Хорватия мен Чехия 1:1 есебімен тең түсті.

Бұл топтағы үшінші тур ойындары 22 маусымда болады. Бұл күні Хорватия мен Шотландия, Чехия мен Англия құрамалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар