+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа чемпионаты: Англия мен Хорватия плей-офф кезеңіне шықты

2021 жылғы 23 маусым 03:05
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа чемпионаты: Англия мен Хорватия плей-офф кезеңіне шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңінде D тобында 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайсар» көш басына шықты UEFA Конференция лигасы: «Астана» жарыстың үшінші сатысына шықты UEFA Конференция лигасы: «Тобыл» Хорватияның командасын жеңді

Аталған топтағы үшінші турда екі ойын өткізілді. Нәтижесінде алғашқы екі орынға табан тіреген құрамалар анықталды.

Хорватия мен Шотландия кездесуінде негізінен екінші жолдама иесі белгілі болды. Екі ойында небәрі бір ұпайға ие болған қос құрама жеңіске жеткен жағдайда жарысты жалғастыруға мүмкіндік алатын еді.

Сондықтан хорваттан ойын барысында алға ұмтылды. Нәтижесінде олардың қатарынан 17-минутта Никола Влашич есеп ашса, шотландиялық футболшы Каллум Макгрегор 42-минутта таразы басын теңестірді. Ал Хорватия сапынан Лука Модрич 62, Иван Перишич 77-минуттарда мергендік танытты.

Бүгінгі ойында хорваттар қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Сол арқылы Хорватия топта екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты.

Тағы бір ойында Чехия мен Англия құрамалары жасыл алаңға шықты. Кездесу тағдырын 12-минутта Рахим Стерлинг соққан жалғыз гол шешті. Осылайша ағылшын футболшылары 1:0 есебімен жеңді. Англия жеті ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға жайғасып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін 1/8 финалға тікелей жолдама алған алты құрама белгілі. Олардың қатарында А тобында Италия мен Уэльс, В тобында Бельгия мен Дания, С тобында Нидерланды мен Австрия құрамалары бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT