Футболдан еурокубок ойындарын қайдан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық төрт клуб 18-19 шілде күндері Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта ойындарын өткізеді. Бұл кездесулердің барлығы «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сынға түсіп жатқан елордалық «Астана» командасы бүгін, 18 шілдеде сырт алаңда Черногорияның «Сутьеска» клубымен шеберлік байқасады. Ойын сағат 00.00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ертең, 19 шілдеде Алматының «Қайраты», Павлодардың «Ертісі» және Қостанайдың «Тобылы» қарсыластарымен қарымта кездесу өткізеді. Бұл ойындардың барлығы өз алаңдарында болады.

«Қайрат» Алматыда Андорраның «Энгордань» клубын қабылдайды. Бұл бәсекені жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан сағат 19.00-де тікелей тамашалай алады. Алғашқы кездесуде алматылықтар 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ал «Ертістің» Павлодардағы Литваның «Тракайымен» кездесуін аталмыш телеарна 21.00-де тікелей эфирде көпшілік назарына ұсынады. Бірінші ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Қостанайдың «Тобылы» дәл осы күні Грузияның «Самтредиа» клубымен шеберлік байқасады. Бұл ойынның көрсетілімнің жазбасы  «Qazsport» телеарнасынан 23.10-де көрсетіледі. «Тобыл» сырт аалңда аталмыш қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірген  

Біз бұдан бұрын бүгінгі «Астана» мен «Сутьеска» клубтары арасындағы кездесу туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар