Футболдан ел біріншілігінде «Ордабасы» «Каспийді» ірі есеппен жеңді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турды Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен Ақтаудың «Каспий» командалары түйіндеді.

Ойын барысында алаң иелері қатарынан Всеволод Садовской 20, Эльхан Астанов 31, Муроджон Халматов 80, 87-минуттарда мергендік танытты. Оған «Каспий» сапынан 77-минутта Руан Телеш пенальтиден соғылған бір голмен жауап берді.

Осылайша, «Ордабасы» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Алматыда «Қайрат» Оралдың «Ақжайығынан» 2:0 есебімен басым түссе, тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсуы» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0 есебімен сүріндірді.

Айта кетсек, Қостанайдың «Тобылы» Түркістанда «Тұранмен» 2:2, «Атырау» мен «Тараз» 0:0 есебімен тең түсті.

Ал, «Ақтөбе» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 3:2, елордалық «Астана» өз алаңында Түркістан облысының «Мақтааралын» 4:0 есебімен жеңді .


Соңғы жаңалықтар