Футболдан ел біріншілігінде «Қайрат» «Оқжетпестен» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 12-турында алматылық «Қайрат» көкшетаулық «Оқжетпестен» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық команда бұған дейін қатарынан екі мәрте қарсыластарына есе жіберіп қойған еді. Сондықтан жанкүйерлер алдында жеңіске жету жолын іздеді.

Кездесу барысында «Қайрат» бірден шабуылға шықты. Сол сәттердің бірінде көкшетаулық қорғаушылар өз айып алаңында тәртіп бұзды. Төреші белгілеген пенальтиді Жоао Паоло мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңде есепті ұлғайтуға тырысқан алматылық команда басымлықты арттырды. Бұл жолы да Жоао Паоло 49-минутта қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Оған 79-минутта «Оқжетпес» ойыншысы Руслан Болов бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Дәл қазір бірінші кезеңнен кейін «Астана» «Ақсуды» 1:0 есебімен жеңіп жатса, «Тобыл» мен «Қызылжар» кездесуінде есеп - 0:0.

Сондай-ақ, 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау», «Ақтөбе» мен «Шахтер» (Қарағанды) ойнайды.

4 маусымда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Каспий» (Ақтау), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) кездеседі.


Соңғы жаңалықтар