Футболдан ел біріншілігінде «Қайрат» «Мақтаралдан» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 маусымда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он төртінші турының төрт ойынының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турда «Шахтер» өз алаңында «Қызылжар» командасына 1:2 есебімен жол берді.

Ал өз алаңында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Таразды» 3:2 есебімен тізе бүктірсе, «Қайрат» «Мақтаралдан» 1:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, «Атырау» мен «Ақтөбе» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Дәл қазір «Тұран» (Түркістан) мен «Ақжайық» (Орал), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) клубтары кездесіп жатыр.

Енді келесі тур ойындары 25, 26, 27 маусым күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар