Футболдан ел біріншілігінде «Астана» «Қайратты» ірі есеппен жеңді
2022 жылғы 14 мамыр 20:06

Футболдан ел біріншілігінде «Астана» «Қайратты» ірі есеппен жеңді

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он бірінші турында елордалық «Астана» Алматының «Қайратын» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада өткен ойында «Астана» футболшылары қарсылас команда қақпасына жауапсыз алты гол соқты.

Ойын барысында Марин Томасов 18, 44, 63, Педро Эуженио 47, 72, Влут Рай 35-минуттарда мергендік танытты. Осылайша, елордалық клуб қарсыласын 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, бүгін аталған турда «Шахтер» (Қарағанды) клубы «Ордабасы» (Шымкент) командасын 1:0 есебімен жеңсе, «Атырау» мен «Қызылжар» (Петропавл) клубы 3:3 есебімен тең түсті.

Аталған турда бүгін «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Тұран» (Түркістан), «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай) командалары кездеседі.

Ертең, 15 мамырда «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Каспий» (Ақтау), «Тараз» бен «Ақжайық» (Орал) командалары жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» пен «Қайсар» көш басында келеді.

Jańalyqtar

MURAǴAT