Футболдан ел біріншілігінде «Атырау» мен «Тараз» тең ойын көрсетті
2022 жылғы 2 шілде 23:32

Футболдан ел біріншілігінде «Атырау» мен «Тараз» тең ойын көрсетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында тағы екі ойын өтті. «Шахтер» «Ақтөбе» командасына есе жіберсе, «Атырау» мен «Тараз» тең ойнады , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда жергілікті «Шахтер» «Ақтөбе» командасын қабылдады. Аталған кездесуде алдымен қарағандылық футболшылар екі гол соқса, одан кейін ақтөбелік ұжым қатарынан үш мәрте қақпаны дәл көздеді. Нәтижесінде «Ақтөбе» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша турнир кестесінде көш басына шықты.

Бүгінгі тағы бір кездесуде «Атырау» мен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Ал 1 шілдеде «Тобыл» мен «Тұран» 2:2 есебімен тең түсті.

Енді 3 шілдеде «Астана» мен «Мақтаарал», «Қайрат» пен «Ақжайық», «Ақсу» мен «Қызылжар» командалары жасыл алаңға шығады.

Ал 4 шілдеде «Ордабасы» мен «Каспий» командалары кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT