Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жеребе қайта тасталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа Футбол Қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының 1/8 финалына қайтадан жеребе тастайды. Техникалық ақаулардың салдарынан шара кезінде өрескел қателіктер болған. Бұл туралы УЕФА-ның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қай командалардың бір-бірімен ойнауға құқығы бар екенін ресми тұлғаларға хабарлайтын қызметтерді ұсынушы бағдарламалық жасақтамада туындаған техникалық ақаулардың салдарынан Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жеребе тастау кезінде өрескел қателік болды», - делінген УЕФА-ның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дүйсенбі күні Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тастау қорытындысы бойынша, англиялық «Манчестер Юнайтед» француздық ПСЖ-мен, португалиялық «Бенфика» мадридтік «Реалмен», испаниялық «Вильярреал» ағылшындық «Манчестер Ситимен», испаниялық «Атлетико» германиялық «Бавариямен», аустриялық «Зальцбург» ағылшындық «Ливерпульмен», италиялық «Интер» нидерландылық «Аякспен», португалиялық «Спортинг» италиялық «Ювентуспен», француздық «Лилль» ағылшындық «Челсимен» ойнауы керек болатын.

Жеребе тастау кезінде «Зениттің» құрамында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, УЕФА Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы атанған Андрей Аршавин испаниялық «Вильярреалдың» қарсыласын анықтау кезінде «Манчестер Юнайтед» шарын шығарды. Командалар 1/8 финал кезінде бір топта болғандықтан, бір-бірімен кездесе алмады. «Манчестер Юнайтед» шары «Атлетиконың» болашақ қарсыластарымен бір қоржынға салынбаған еді.

Бұл жағдайдан кейін «Атлетико» жеребе тастау қорытындысына наразылық білдірді. Қайтадан жеребе тастау рәсімі дүйсенбі күні қайта басталмақ.

1/8 финалдың алғашқы матчтары 15, 16, 22 және 23 ақпан күндері өтеді. Жауапты матчтар 8, 9, 15 және 16 наурызға жоспарланған. Чемпиондар лигасының финалы 28 мамыр күні Санкт-Петербург қаласында болады.


Соңғы жаңалықтар