Футболдан Чемпиондар лигасында «Тобыл» «Ференцварошқа» жол берді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық «Тобыл» енді футболдан UEFA Конференция лигасында сынға түсетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайлық клуб бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында сырт алаңда Венгрияның «Ференцварош» командасына 1:5 есебімен жол берді.

Қостанайда өткен алғашқы ойында екі команда 0:0 есебіне қанағат білдірген еді.

Енді «Тобыл» Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасымен кездеседі.

Ал «Ференцварош» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында Словакияның «Слован» клубымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, Конференция лигасында екінші іріктеу сатысында еліміздің атынан елордалық «Астана», алматылық «Қайрат» және петропавлдық «Қызылжар» командалары ел намысын қорғайды.

Ойындар 21 және 28 шілде күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар