Футболдан Чемпиондар лигасы: «Ювентус» жарысты жалғастыра ала ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 9 наурызда UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында қарымта ойындар басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін алғашқы жұпта «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Севилья» (Испания) клубтары өзара шеберлік байқасады. Алғашқы кездесуде өз алаңында испандық клуб қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Ойын елорда уақытымен 01.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Командалар құрамында жарақат алған ойыншылар бар. «Боруссия Дортмунд» сапында Аксель Витсель, Рафаэл Геррейру, Марсель Шмельцер, Мануэль Аканджи пен Джейдон Санчо бүгін жасыл алаңға шыға алмайды. Ал «Севилья» қатарынан Алейш Видаль, Боно мен Жюль Кунде дәл осындай жағдайды басынан өткізіп отыр.

Бүгін алғашқы жұпта «Ювентус» (Италия) пен «Порту» (Португалия) командалары кездеседі. Екі команда арасындағы алғашқы ойында португалдар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойын елорда уақытымен 01.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу алдында «Порту» сапынан Фернандо Андраде жарақат алып қалды. Ал италиялық клуб қатарынан барлық футболшы алдағы ойынға дайын.

Бүгін - «Ювентус» командасына үлкен сынақ, олар екі гол айырмасымен жеңіске жеткен жағдайда ойынды жалғастыра алады.


Соңғы жаңалықтар