Футболдан Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» «Челсиді» жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында Испанияның «Реал Мадрид» командасы 6 сәуірде Англияда «Челсиден» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында испандық клубтан Карим Бензема хет-триктің авторы атанды. Ол 21, 24, 46-минуттарда мергендік танытты. Оған «Челси» сапынан Кай Хаверц 40-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде Испанияның «Вильярреал» клубы өз алаңында Германияның «Бавариясын» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды Арно Груневелд 8-минутта өзінің еншісіне жазды.

Қарымта кездесу 12 сәуір күні өткізіледі.

Жарыстың аталған сатысында 5 сәуірде Англияның «Ливерпуль» командасы Португалияда «Бенфиканы» 3:1, Англияның «Манчестер Сити» командасы Испанияның «Атлетико Мадрид» клубын 1:0 есебімен сүріндірді.



Соңғы жаңалықтар