+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Футболдан Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» финалға жолдама алды

2021 жылғы 5 мамыр 07:58
Бөлісіңіз:
Футболдан Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» финалға жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы финалына шыққан алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Азия чемпионаты: Ел намысын қорғайтын боксшы қыздар анықталды Теннис: Ярослава Шведова Римде әлемнің бірінші ракеткасына жол берді Теннис: Ярослава Шведова Рим турнирінің екінші айналымына шықты

Аталған жолдамаға Англияның «Манчестер Сити» клубы ие болды. Ол бүгін өз алаңында Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын 2:0 есебімен сүріндірді.

Естеріңізге сала кетелік, екі клуб арасындағы алғашқы кездесуде ағылшындық клуб 2:1 есебімен басым түскен болатын. Сондықтан бүгінгі ойында «Пари Сен-Жермен» жеңіске жету жолын іздеуі тиіс еді.

Десе де «Манчестер Сити» сенімді ойын көрсетті. Ойынның 11, 63-минуттарда Рияд Марез мергендігімен көзге түсті.

Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы тағы бір кездесуде «Челси» (Англия) және «Реал Мадрид» (Испания) командалары шеберлік байқасады. Бұл ойын 5 мамырда болады.

UEFA Чемпиондар лигасының финалы 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында Олимпиадалық стадионда болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT