Футболдан Чемпиондар лигасы: «Челси» тоғыз жылдан кейін жеңімпаз атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының биылғы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда Англияның «Манчестер Сити» және «Челси» командалары кездесті.

Ойын барысы қос команданың толассыз шабуылымен ерекшеленді. Екеуі бір-бірінің қақпа маңында жиі бой көрсетті. Кездесудің 42-минутта Кай Хаверц «Манчестер Сити» қақпасынан саңылау тапты.

Осылайша «Челси» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Олар бұдан бұрын бір мәрте аталған турнир жеңімпазы атанған болатын. 2012 жылы Германияның «Бавария» командасымен финалда кездесіп, негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең түсті. Ал пенальтиден олардың жолы болып, алғаш рет Чемпиондар лигасының кубогын төбесіне көтерген еді. Ал 2008 жылы финалда Англияның «Манчестер Юнайтед» клубына жол беріп қойды.

«Манчестер Сити» биыл тұңғыш рет финалға дейін жетіп отыр. Аталған клуб бұған дейін мұндай кезеңге дейін жете алмаған болатын.


Соңғы жаңалықтар