+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Футболдан Чемпиондар лигасы: Бүгін топтық кезең басталады

2021 жылғы 14 қыркүйек 17:33
Бөлісіңіз:
Футболдан Чемпиондар лигасы: Бүгін топтық кезең басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында ат спорты түрлерінен чемпионат өтті Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингілердегі орны

Алғашқы тур ойындары екі күнге белгіленген. Бүгін, 14 қыркүйекте E, F, G, H топтарында ойындар өткізіледі.

Жанкүйерлер E тобындағы «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия) кездесуін асыға күтуде.

Ойын елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл топта тағы бір ойында «Динамо Киев» (Украина) мен «Бенфика» (Португалия) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, қазақстандық жанкүйерлер бүгін H тобындағы «Qazaqstan» телеарнасынан «Челси» (Англия) мен «Зенит» (Ресей) кездесуін тамашалай алады.

Аталған топтағы тағы бір ойында «Мальме» (Швеция) мен «Ювентус» (Италия) жасыл алаңға шығады.

Бүгін F тобында «Янг Бойз» (Швейцария) бен «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Вильрреал» (Испания) мен «Аталанта» (Италия) кездессе, G тобында «Севилья» (Испания) мен «Ред Булл» (Австрия), «Лилль» (Франция) мен «Вольфсбург» (Германия) бәсекелеседі.

Ал 15 қыркүйекте А, В, С, D топтарындағы командалар алғашқы тур ойындарын өткізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT