Футболдан Чемпиондар лигасы: Бірінші тур нәтижелері белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – УЕФА чемпиондар лигасының бірінші туры аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Турдың орталық матчы Франция астанасы Парижде өтті. Жергілікті «Пари Сен-Жермен» корольдік клуб «Реалды» қабылдады. Матч басында алаң иелері есеп ашты. Сол қапталдан ұмтылған Хуан Бернаттың пасын мадридтік команданың бұрынғы ойыншысы Анхель Ди Мария голға айналдырды. Матчтың 30-шы минутында Ди Мария есепті еселеді. Оның алыстан шірене тартқан добына Тибо Куртуа жауап қайтара алмады. Сәл уақыттан соң Гарэт Бэйл есеп айырмасын қысқартқан. Алайда, төреші бұл голды санамады.

Екінші таймда «Пари Сен-Жермен» ойын басымдығын өз бақылауында ұстады. Матчтың бас төрешісі «Реал» шабуылшысы Карим Бенземаның соққан голын да есептемегенін айта кетейік. Керісінше, алаң қожайындары үшінші голын соқты. Оның авторы – белгиялық қорғаушы Томас Менье. Осылайша, Париж командасы үш ұпайды қоржынға басты.

Чемпиондар лигасының қалған ойындары мынадай нәтижемен аяқталды.

Атлетико 2-2 Ювентус

Бавария 3-0 Црвена Звезда

Шахтер 0-3 Манчестер Сити

Байер 1-2 Локомотив

Динамо Загреб 4-0 Аталанта

Брюгге 0-0 Галатасарай

Олимпиакос 2-2 Тоттенхэм



Соңғы жаңалықтар