Футболдан Чемпиондар лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Ливерпуль» алда тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір футболдан Чемпиондар лигасының финалы өтіп жатыр. Финалда ағылшындық қос клуб - «Тоттенхэм Хотспурс» пен «Ливерпуль» командалары кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш ойын Испанияның Мадрид қаласындағы «Метрополитано» стадионында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, аталмыш стадион Мадридтің «Атлетико» командасына тиесілі. Оған бүгін әлемнің әр қиырынан 52 мыңнан астам жанкүйер жиналған.

Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін «Ливерпуль» аталмыш турнирде бес мәрте чемпион атанған. Ал «Тоттенхэм Хотспурс» командасына әзірге мұндай табыс бұйырмай тұр.

Бүгінгі кездесуде екі команда құрамында да тәжірибелі ойыншылар алаңға шықты. Бұдан бұрынғы кездесуге қатыса алмаған ливерпульдік футболшы Мохамед Салах та негізгі құрамнан орын алды. Сол футболшы 2-минутта өз командасын алға шығарды. Дәл сол уақытта ол 11 метрлік айып добын орындады. Бірінші кезеңде бұдан кейін қос команда да бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен, олардың ешбірі голға айнала қойған жоқ.

Айта кетерлігі, УЕФА Чемпиондар лигасында (Еуропа чемпиондарының кубогы) бүгінгі күнге дейін Испанияның «Реал Мадрид» клубы 13 мәрте кубокты төбесіне көтерген еді. Одан кейінгі кезекте Италияның «Милан» 7, Германияның «Бавария», Англияның «Ливерпуль», Испанияның «Барселона» 5 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді. Жалпы алғанда, мұндай табысқа барлығы команда қол жеткізген.

Соңғы жаңалықтар