Футболдан Чемпиондар лигасы: «Астана» румын клубынан жеңіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші кезеңі аясында сырт алаңда Румынияның ЧФР командасымен қарымта кездесу өткізіп жатыр. Қазіргі сәтте ойынның бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук алғашқы минуттан Ненад Эрич, Антонио Рукавина, Евгений Постников, Лука Шимунович, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон, Марин Томасов, Роман Муртазаев, Дорин Ротариу сынды шәкірттеріне сенім білдірді.

Ал ЧФР командасының бас бапкері Дан Петреску оларға Гедрюс Арлаускис, Камора, Андрей Буркэ, Пауло Винисиус, Матео Сушич, Михай Бордеяну, Хуан Кулио, Дамьян Джокович, Билель Омрани, Чиприан Дяк, Мариу Рондонды қарсы қойды.

Ойын қарқынды басталды. Алаң иелері біздің қақпаға лап қойды. Дегенмен есепті біздің ойыншылар ашты. Оны 4-минутта Роман Муртазаев орындады.

Бұдан кейін румын футболшылары гол соғуға алға ұмтылды. Нәтижесінде 10-минутта Билель Омрани оң қанаттан әуелете берілген допты біздің қақпаға соғып кетті. Ал 26-минутта Билель Омранидің тепкен добы жолай Евгений Постниковтың аяғына тиіп, біздің қақпаға енді. Бірінші кезеңнің соңына таман қарсыластар тағы бір гол салды. Оны төрешілер румын футболшысының ойыннан тыс қалуына байланысты есепке алған жоқ.

Естеріңізге сала кетелік, екі команда арасындағы алғашқы кездесу елордада өткізілді. Бұл ойында «Астана» 1:0 есебімен басым түскен болатын. Дәл қазіргі есеп бойынша «Астана» жарыстың келесі сатысына шығуына мүмкіндік бар. Бұл жұптың жеңімпазы 23 және 30 шілде күндері Израильдің «Маккаби» (Тель-Авив) командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар