Футболдан биылғы әлем чемпионаты финалдық турнирінің жеребесі тартылды
Дүбірлі додада бақ сынайтын 32 құрама алдымен FIFA жариялаған рейтингіндегі орындары бойынша төрт себетке бөлінді.
Сол арқылы барлығы төрт-төрттен сегіз топқа орналасты .
Әзірге әлем чемпионатына 29 құрама жолдама алып үлгерді. Қалған үш жолдама иегері маусым айында анықталады.
Бұл жолдамалар құрлықаралық өтпелі сайыс (Коста-Рика мен Жаңа Зеландия, Перу мен Австралия/БАӘ) және еуропалық іріктеу кезеңіндегі өтпелі сайыстағы жеңімпаз (Уэльс пен Шотландия/Украина) болған құрамаларға беріледі.
А тобы: Катар, Нидерланды, Сенегал, Эквадор
В тобы: Англия, АҚШ, Иран, Уэльс пен Шотландия/Украина
С тобы: Аргентина, Мексика, Польша, Сауд Арабиясы
D тобы: Франция, Дания, Тунис, Перу мен Австралия/БАӘ
E тобы: Испания, Германия, Жапония, Коста-Рика/Жаңа Зеландия
F тобы: Бельгия, Хорватия, Марокко, Канада
G тобы: Бразилия, Швейцария, Сербия, Камерун
H тобы: Португалия, Уругвай, Оңтүстік Корея, Гана
Алғашқы ойын 21 қарашада Эль-Хаур қаласындағы «Эль-Байт» стадионында алаң иесі - Катар құрамалары арасындағы кездесумен ашылады.
Дүбірлі дода биылғы жылдың 21 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Катарда болады.
Ол аталған мемлекеттің 5 қаласындағы 8 стадионда өткізіледі.