Футболдан бірінші лиганың ойын күнтізбесі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының ойын күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Доп додасына барлығы 14 команда қатысады. Олардың қатарында «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Ақжайық» (Орал), «Ақтөбе», «Атырау», «Алтай» (Шығыс Қазақстан облысы), «Арыс» (Түркістан облысы), «Байқоңыр» (Қызылорда), «Жетісу Б» (Талдықорған), «Қайрат-Жастар» (Алматы), «Қыран» (Шымкент), «Мақтарал» (Түркістан облысы), СДЮСШОР № 8 (Нұр-Сұлтан),«Шахтер-Болат» (Қарағанды) және «Екібастұз» (Павлодар облысы) командалары бар.

Турнир 1 шілдеде басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады. Алғашқы турда «Ақтөбе» мен «Байқоңыр», «Атырау» мен «Қайрат-Жастар», «Ақжайық» пен «Жетісу Б», «Алтай» мен «Қыран», «Екібастұз» бен «Мақтарал», СДЮСШОР № 8 бен «Арыс», «Шахтер-Болат» пен «Академия Оңтүстік» командалары кездеседі.

Сондай-ақ, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады.


Соңғы жаңалықтар