Футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» пен «Қайсар» жеңіске жетті

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көш басында келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» аталған турда да сүрінген жоқ. Сырт алаңда Жамбыл облысының «Игілік» командасын 5:0 есебімен сүріндірді. Осылайша турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.

Ал Қызылорданың «Кайсары» өз алаңында Алматының «Қайрат жастарынан» 2:0 есебімен басым түсті.

Ал Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында елорданың «Жеңісін» 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижелері төмендегіше:

«Астана жастар» - «Қыран» 2:3

«Игілік» - «Оқжетпес» 0:5

«Шахтер-Болат» - «Тараз-Қаратау» 4:2

«Қайсар» - «Қайрат жастар» 2:1

«Яссы» - «Екібастұз» 1:2

«Академия Оңтүстік» - «Байқоңыр» 2:2

«Жетісу» - «Жеңіс» 3:1

Енді 4 қазанда кейінге қалдырылған 15-тур ойындары өткізіледі. Аталған турда «Игілік» пен «Қайсар», «Жетісу» мен «Оқжетпес» командалары кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан жастары Беларусьпен тең түсті.




Соңғы жаңалықтар