Футболдан бірінші лигада «Қайсар» жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған 15-турының екі ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турда көш басында келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда Талдықорғанда «Жетісумен» жүздесті. Командалар биыл Премьер-лигаға жолдамаға үміткер ұжымдар саналады. Сондықтан аталған кездесу тартысты өтті. Ойын барысында көкшетаулық клубтан Жасұлан Молдақараев 3-минутта есеп ашса, оған 32-минутта талдықорғандық Бауыржан Тұрысбек бір голмен жауап қайырды.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Тағы бір кездесуде Қызылорданың «Қайсары» сырт алаңда Жамбыл облысының «Игілік» клубын 4:0 есебімен тас-талқан етті. Ойын барысында қызылордалық клубтан Кирилл Сидоренко 51-минутта пенальтиден есеп ашса, одан кейін Адам Диалло 63-минутта есепті үстемелей түсті. Ал 82-минутта Елжас Алтынбеков мергендік танытса, 89-минутта Елисей Горшунов қорытынды есепті белгіледі.

Енді 22-тур ойындары 9 қазан күні өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-туры мәресіне жетті.





Фото: fckaysar.kz








Соңғы жаңалықтар