Футболдан бірінші лигада «Қайсар» көш басына шықты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің алтыншы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы басты ойын Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» командалары арасында өтті.

Кездесу барысында алдымен көкшетаулық клубтан Руслан Булов 8-минутта пенальтиден есеп ашса, 24-минутта қызылордалық Мақсат Байжанов таразы басын теңестірді.

Одан кейін «Қайсар» сапынан Жоао Педро Оливейра 51, Мамуту Диалло 57-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал «Оқжетпес» ойыншысы Милан Стоянович 93-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Қайсар» қарсыласын 3:2 еесбімен тізе бүктірді.

Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

21 мамыр

«Жеңіс» - «Екібастұз» 1:2

22 мамыр

«Игілік» - «Байқоңыр» 1:0

«Жетісу» - «Қайрат-Жастар» 2:1

«Академия Оңтүстік» - «Тараз-Қаратау» 0:3

«Яссы» - «Қыран» 1:1

«Қайсар» - «Оқжетпес» 3:2

«Шахтер-Болат» - «Астана М» 2:4

Аталған турдан кейін «Қайсар» 16 ұпаймен көш басында келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қыранның» 14, «Оқжетпестің» 12 ұпайы бар.

Енді жетінші тур ойындары 28 мамыр күні өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тобыл» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар