Футболдан бірінші лигада «Қайсар» алғаш рет жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің тоғызыншы туры мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көш басында келе жатқан қызылордалық «Қайсар» аталған турда күтпеген жерден алматылық «Қайрат-жастар» командасына 1:2 есебімен жол берді.

Ал талдықорғандық «Жетісу» сырт алаңда елордалық «Жеңіске» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында Жамбыл облысының «Игілік» командасын 5:0 есебімен сүріндірді.

Сондай-ақ, аталған турда шымкенттік «Қыран» «Астана-жастарын» 6:1 есебімен тізе бүктірсе, Жамбыл облысының «Тараз-Қаратауы» қарағандылық «Шахтер-Болатты» 2:1 есебімен жеңді.

Өз алаңында қызылордалық «Байқоңыр» Шымкенттің «Оңтүстік академия» клубына 0:3 есебімен есе жіберсе, «Екібастұз» бен «Яссы» 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Айбол Әбікен допингке байланысты футболдан үш жылға шеттетілді.

Сондай-ақ футболдан ел біріншілігінде «Ордабасы» сырт алаңда жеңіске жеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар