Футболдан бірінші лигада «Елімай» тоғызыншы ойын қатарынан жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінде «Елімай» тоғызыншы ойын қатарынан жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейлік клуб он бірінші өз алаңында елорданың «Жеңіс» командасымен кездесті.

Екі команда да біріншілікті алдыңғы орындардың бірінде келеді. Сондықтан ойын тартысты өтті. Командалар бір-бірінің қақпасына гол соғып, жанкүйерлер қызықты ойын тамашалауға мүмкіндік алды.

Кездесу барысында «Елімай» сапынан Еркебұлан Нұрғалиев 33, Бека Кавтарадзе 51, Максим Житнев 86-минутта мергендік танытса, оған елордалық клубтан Саян Мұқанов 11, Нұрбол Әнуарбеков 82-минутта екі голмен жауап қайырды.

Осылайша «Елімай» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Қатарынан тоғызыншы мәрте жеңіске жетті. Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Тұраннан» алты ұпайға ұзап кетті.

Енді аталған турда 11 vfecsvlf «Тұран» мен «Арыс» командалары кездеседі.

Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше: «Жас Қыран» - «Ақжайық» 4;0, «Тараз» - «Қайрат жастары» 4:2, «Ақтөбе жастары» - «Қыран» 1:3, «Екібастұз» - Хан тәңірі» 2:3, «Tүркістан» - «Оңтүстік академиясы» 3:2.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан жастары Молдовамен жолдастық кездесу өткізеді.


Соңғы жаңалықтар